Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрылуы және оның құрамына ұсыныстардың қабылданғаны туралы хабарлайды: 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Толағай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Сабинұр» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Қуаныш» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Аққайың» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

Қамқоршылық кеңестің функциялары

1) мектепке дейінгі ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;

2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектепке дейінгі ұйым жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

3) мектепке дейінгі ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

4) мектепке дейінгі ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;

5) мектепке дейінгі ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;

6) тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;

7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

8) мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;

9) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектепке дейінгі ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерген көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

11) мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізуге жәрдемдеседі;

12) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектепке дейінгі ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;

13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;

14) мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелерде және спорт секцияларына қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;

15) педагогикалық ұжымға тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналыстарын өткізеді;

16) педагогтер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;

17) мектепке дейінгі ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі;

18) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.

Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

Үміткерлер комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 17 қарашасы – 2023 жылдың 6 желтоқсаны

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Телефон: 8 (714-45) 34-2-59

Пошталық мекенжайы: ҚР, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Пришкольная көшесі, 1А.

Электрондық пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

110100., Убаган а.,

Пришкольная, 1А Телефон: 8(71445) 34253

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2024 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2024 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области