Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанда Алтынсарин ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып шахмат бойынша мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаттары мен міндеттері:
- білім алушылар арасында шахмат дамыту және насихаттау;
- мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу;
- мектеп командаларының спорттық шеберлік деңгейін арттыру;
- облыстық жарыстарға қатысу үшін мектептердің мықты спортшыларын анықтау.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Докучаев ЖББМ;
2 орын – Силантьев ЖББМ;
3 орын – О. Шипин ат. ЖББМ.
Мектеп лигасының II (облыстық) кезеңінде Алтынсарин ауданы атынан Докучаев ЖББМ қатысады.