Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2023 02 15 17 57 05 41

Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Мамандық таңдауда адам жұмыс уақытында айналысатын іс-әрекетті ғана таңдамайды, сонымен қатар өмір жолын, оның бүкіл өмір жолын таңдайды. 2023 жылғы 15 ақпанда жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін – өзі анықтауына көмек көрсету мақсатында Аудандық мәдениет үйінің залында Алтынсарин ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған "Менің таңдауым: болашақ мамандықтары" атты кәсіби бағдар беру форумы-аудандық іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға Қостанай облысының білім беру бөлімінің педагогтары, мамандары, әдіскерлері, оқу орындары: А. Байтұрсынов ат. Қостанай Өңірлік университеті, Ш. Қабылбаев ат. ҚР ІІМ Қостанай академиясы, Алтынсарин ауданының аудандық ішкі істер бөлімі, Алтынсарин ауданының аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай қызмет көрсету колледжі, қатысты. Форумға қатысушыларға Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысы Бермаганбетова Акмаржан Уалихановна құттықтау сөз сөйледі. Форум басталар алдында көрмеде өздерінің білім беру мекемелерін таныстырған жоғары оқу орындарының өкілдері сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың перспективалары мен жағдайлары туралы айтып берді. Презентация барысында шарттар жасасу мәселелеріне тоқталып, өкілдер жоғары сынып оқушылары мен педагогтарды Қостанай оқу орындарына нысаналы (гранттық) оқуға түсу, одан әрі жұмысқа орналасу шарттарымен, жеңілдіктермен таныстырды. Іс-шара соңында жоғары сынып оқушылары әр бағыттың өкілдерімен сөйлесуге, сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, мүмкін дәл осы күні біреу болашақ мамандығын шешті!

110100., Убаган а.,

Пришкольная, 1А Телефон: 8(71445) 34253

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2024 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2024 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области