Алтынсарин академиясы 2024 жылдың 20-29 қарашасы аралығында МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары)
ақпараттық-түсіндіру бойынша жол картасын іске асыру мақсатында онлайн форматта кездесулер өткізді. Бұл шараға “Алтынсарин ауданы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Тілеу Әйгерім мен білім беру саласының мамандары қатысты. Кездесулер барысында қатысушылар МЖМБС-тің жаңа талаптары мен олардың білім беру процесіндегі рөлі туралы талқылап, тәжірибе алмасты.