2025 жылғы 11 маусымда Ы. Алтынсарин ат. Обаған ЖББМ базасында 2025-2026 оқу жылына 9(8) - 11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Ғылыми жұмыстар конкурсының аудандық кезеңіне Ы. Алтынсарин ат. Обаған ЖББМ, Қарағайлы ЖББМ және Докучаев ЖББМ оқушылары қатысты. Ғылыми жұмыстар конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағайлы ЖББМ білім алушылары болды, облыстық кезеңге осы мектептің қатысушылары ұсынылды.