Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Алтынсарин ауданында 1–14 қараша аралығында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өткен «Заң үйлесімі» аудандық байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауға ауданның 13 білім беру ұйымынан 86 білім алушы қатысты.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың назарын заңдарды сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына аудару, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын түсіндіру және бейнелеу барысында олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ қазіргі қоғамда құқықтық реттеудің маңызын терең ұғындыру.

Байқау бес бағыт бойынша өткізілді:
Литературалық – заң мен тәртіптің рөлі туралы эссе, әңгімелер, өлеңдер;
Визуалдық – қоғам өміріндегі заңның маңызын бейнелейтін картиналар, фотосуреттер, инфографика;
Бейне және анимация – құқықтық тәртіп тақырыбын ашатын қысқа фильмдер мен роликтер;
Музыкалық – заң мен әділдік идеясын жеткізетін музыкалық композициялар мен әндер;
Ғылыми – тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың маңызы туралы зерттеулер мен мақалалар.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, жұмыстардың ерекшелігі мен тақырыпты терең ашуын атап өтті. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары өскелең ұрпақтың қоғам өміріндегі заңдылық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының маңызын жақсы түсінетінін көрсетті.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алтынсарин ауданының білім бөлімі атынан грамоталармен марапатталатын болады. «Заң үйлесімі» байқауы шығармашылық шара ғана емес, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

– Балаларымыздың әділдік, құқықтар мен міндеттер туралы ойланып, өз ойларын шығармашылық арқылы жеткізе алуы қуантады, – деп атап өтті қазылар алқасының төрағасы, Алтынсарин ауданы білім бөлімінің әдіскері Колбасина Л.В.

Білім бөлімі барлық қатысушылар мен жетекшілерге белсенді азаматтық ұстанымы, шығармашылық көзқарасы және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәдениетін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

1101010., Малая Чураковка а.,

Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2025 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области