Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2025 жылғы 19 қараша күні Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылында, аудандық мәдениет үйінде (РДК) Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы дропперліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Басталуы – сағат 14:00-де.

Кеңес Алтынсарин ауданының әкімі А.М. Сартовтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, Қостанай облысы бала құқықтары жөніндегі уәкілі, прокуратура мен полиция өкілдері, білім бөлімі мамандары, мектеп басшылары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия (КДН) мүшелері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен учаскелік инспекторлар қатысты. Барлығы 96 адам қамтылды.

Қатысушылар жасөспірімдерді дропперлік қызметке тарту, интернет-алаяқтықтың таралуы, аутодеструктивті мінез-құлықтың әртүрлі нысандары сияқты өзекті қауіп-қатерлерді талқылады. Ерте кезеңде қауіптерді анықтау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Баяндамалармен келесі спикерлер сөз сөйледі: Қостанай облысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Н.З. Басенова – балалардың құқықтарын қорғаудағы ведомствоаралық ынтымақтастықтың рөлі туралы; Қостанай облысы полиция департаментінің (ДПКО) киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Е.К. Казбаев – жасөспірімдерді дропперлікке және интернет-алаяқтыққа тартудың алдын алу туралы; педагог-психолог Л.А. Детянцева – аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары туралы; ТЖ бөлімі бастығы В.В. Селезнев – жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау және мұз үстіндегі жүріс-тұрыс қағидалары туралы.

Кеңес барысында мектептер мен ауылдық округтерге профилактикалық жұмысты күшейту, жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жұқа мұзға шығуының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Кездесу қорытындысында аудан әкімі А.М. Сартов кеңестің нәтижелерін түйіндеп, алдағы уақыттағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

 
 
 

1101010., Малая Чураковка а.,

Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2025 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области