Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

20 қараша күні Алтынсарин ауданының барлық мектептерінде 7–11-сынып оқушылары үшін «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында бірыңғай мазмұндама жұмысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мәтінді талдау дағдыларын, оның мазмұнын жүйелі әрі сауатты жеткізу қабілетін дамыту, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жеке жауапкершіліктің маңызын саналы түрде ұғындыру болды.

Оқушылар ұсынылған мәтінмен жұмыс жасап, оның негізгі ойын анықтады, мазмұнын талдады және өз сөздерімен баяндады. Мұндай жұмыс түрі логикалық ойлауын, өз ұстанымын қалыптастыру және ойын дәл әрі бірізді жеткізе білу қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Іс-шара барлық сыныптардың белсенді қатысуымен ұйымдасқан түрде өтті. Барлығы 355 оқушы қатысты, оның ішінде:
– 7-сыныптар — 98 оқушы;
– 8-сыныптар — 87 оқушы;
– 9-сыныптар — 80 оқушы;
– 10-сыныптар — 50 оқушы;
– 11-сыныптар — 40 оқушы.

Бірыңғай мазмұндама оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заманауи қоғамда нормалар мен ережелерді сақтаудың маңызын түсінуге бағытталған маңызды қадам болды. Үздік жұмыстар білім беру ұйымдарының сайттарына орналастырылды.

1101010., Малая Чураковка а.,

Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2025 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области