«Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбиелік жұмыстар: бағыттар бойынша тәжірибе көрсету» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтері және оқушылар қатысты.
Семинар көркем-эстетикалық бағыттағы үйірме оқушыларынан және педагогтерінен құралған ансамбльдің әсерлі күйімен салтанатты түрде ашылды. Музыкалық орындау қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шығармашылық атмосфера қалыптастырды.
Іс-шара барысында қосымша білім беру педагогтері тәрбиелік жұмыстың заманауи тәсілдерін таныстырып, полилог-дебат форматында пікір алмасу ұйымдастырды. Сонымен қатар қолөнер бағытындағы үйірме жетекшілері шеберлік сынып өткізіп, оқушыларға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретті.
Семинардың басты мақсаты – қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбиелік жұмыстың тиімді тәжірибелерін көрсету, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.








