Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ-де пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс – бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, дәлелді сөйлеуді және диалог мәдениетін дамытуға арналған маңызды алаң. Қатысушылар қарсыластарын тыңдай білу, деректерге сүйене отырып өз ұстанымын қорғау және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және жоғары деңгейдегі өнер көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!








