2026 жылғы 22 қаңтарда 2026 жылғы жоспарға сәйкес Алтынсарин ауданы білім бөлімінің жоспары негізінде Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ базасында тарих пәні мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары және білім бөлімінің әдіскерлері үшін «Қазақ ұлысының қалыптасуы» (жалпы қазақ шежіресі) тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: тарихи сабақтастықты зерделеу, қазақ ұлысының қалыптасуы жөніндегі ғылыми тұжырымдарды бірлесе талқылау арқылы білім алмасу алаңын қалыптастыру.








