Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ
ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области
Новости
«Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»: пленарлық сессия қорытындылары
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі аясында «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу» тақырыбында пленарлық сессия өтті. Қатысушылар қолжетімділік пен теңдік қағидаттарын қамтамасыз ету жолдарын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың жаңа тәсілдерін қарастырды
Конгресс көрмесінде 16 әлемдік компания инклюзивті технологияларды таныстырды
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі аясында өткен «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу» тақырыбындағы пленарлық сессияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Рахим Саидзода, Қазақстан Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан, ЮНИСЕФ-тің білім беру мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Нора Шабани, ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңесінің өкілі Амир Пирич, Босния және Герцеговина Федерациясының Тәрбие және білім беру мәселелері жөніндегі министрлігінің өкілі Мелисса Миздрак, Халықаралық бакалавриат ұйымының бас директоры орынбасары Марко Донди, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Толығырақ...1101010., Малая Чураковка а.,
Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88








