2023 жылғы 20 қаңтарда 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Алтынсарин ауданының 15 білім беру ұйымдарынан барлығы 72 білім алушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.