Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ жоспарының негізінде 2023 жылғы 08 ақпанда Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдары арасында интернет - ресурстарды жүргізу бойынша оқыту вебинары өтті.
Вебинарға білім бөлімінің мамандары, жалпы білім беретін, негізгі және бастауыш мектептер арасындағы интернет-ресурстарды жүргізуге жауапты қызметкерлер, сайттарға техникалық қолдау көрсететін әкімші қатысты.
Келесі мәселелер қаралды:
интернет-ресурстың әкімшілік панелімен жұмыс істеу;
жаңалықтар материалдарын жариялау;
нормативтік құжаттарды орналастыру;
мәзірмен жұмыс.
Аталған вебинарға Алтынсарин ауданының 19 білім беру ұйымы қатысты.
2023 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Алтынсарин ауданындағы білім беру ұйымдарының 100% edu.kz 3 деңгейлі доменінде ресми сайттары бар. Вебинар нәтижелері бойынша интернет-ресурстарды жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Білім беру ұйымдарының веб-сайттарының мазмұны мен толтырылуын, қостілділіктің сақталуын тұрақты бақылауда ұстау және интернет-ресурстардың уақытылы жаңартылуын бақылау тапсырылды.