2023 жылғы 22 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Димитровка жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында Математика, Информатика, Биология және АӘ және ТД мұғалімдері үшін "Білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары" тақырыбы бойынша аудандық әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында мына тақырыптар бойынша: "0,1; 0,01; 0,001;100;1000; ондық бөлшектерді көбейту және бөлу" "(Математика, 5-сынып) - мұғалім Лукас Дмитрий Игоревич, "Презентациядағы анимация" (цифрлық сауаттылық, 4 – сынып) – мұғалім Ватажко Наталья Николаевна, "Теріні қорғаудың жеке құралдары" (Биология және АӘ және ТД бойынша интеграцияланған сабақ, 10-сынып) - мұғалім Редкоплет Светлана Викторовна және Игнатущенко Сергей Петрович, ашық сабақтар берілді. Тәрбие үдерісін іске асыру шеңберінде: 10-11 сынып оқушылары мен аудан мектептерінің математика және информатика мұғалімдеріне арналған "Математика, Информатика білгірлерінің турнирі" (мұғалім Алимова Касиет Исабековна); «Біздің есімізде, мақтан тұтамыз...» ұйымдастырушылар – АӘ және ТД оқытушылары үшін мұражай бөлмесіне бару (Игнатущенко Сергей Петрович) сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастырылды және өткізілді. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында биология пәнінің мұғалімі Редкоплёт Светлана Викторовна "Биология сабақтарында және сабақтан тыс уақытта білім алушылардың зерттеу қызметі" атты шеберлік сабағын өткізді.