2023 жылғы 24 ақпанда «Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Мариям Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебі» КММ Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдарының басшылары үшін білім бөлімінің басшысы А.У. Бермағанбетованың жанынан кеңес өткізілді.
Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер болды: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту мәселесі бойынша білім бөлімі қызметінің тиімділігі туралы; отырыстың екінші мәселесі 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындыларын талдау және басқалар.
Қонақ ретінде Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сураганова Айнагуль Агыбаевна қатысты. Айнагуль Агыбаевна білім беру ұйымын бағалау кезіндегі шағын жинақты мектептердегі өзгерістер туралы, педагогикалық этика жөніндегі кеңестің қызметі туралы, білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бақылау туралы және т. б. түсіндірді.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.