2023 жылдың 13 сәуірінде Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебінің базасында «Дарынды балаларды анықтау, қолдау және сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Әдістемелік күннің қатысушылары: физика, тарих, ағылшын тілі мұғалімдері, мектептердің ТЖ (тәрбие жұмысы) бойынша басшысының орынбасарлары. Ауданның 56 педагогы қатысты.
Аудандық семинар барысында аудан педагогтеріне жалпы білім беретін физика, тарих, ағылшын тілі пәндері бойынша ашық сабақтар берілді, сондай-ақ күн тәртібінде мектеп басшысының орынбасарлары дарынды балалармен жұмыс істеу, білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру (практикалық сабақ) мәселелерін қарады.
Ауданда «Мұғалімнің мектебі» көшпелі мектебі жобасы жұмыс істейді, онда білім беру бөлімінің әдіскерлері мен ауданының педагогтары «нүктелі» педагогтардың сабақтарын қарастылды және сабақтардың сапасын жақсарту үшін әдістемелік көмек көрсетеді, осы семинарда күн тәртібінде Больше-Чураков мектебінің сабақтары өткізілді.