04.05.2023 жылы «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ жетекші мектептерінің жоспарына сәйкес «Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ жетекші мектебінің базасында «Мектептің дамуы жағдайында Team teaching ұйымдастыру» тақырыбы бойынша аудандық практикалық семинар өткізілді.
Аудандық семинар барысында «командада» / «team teaching» педагогтары - жетекші Свердлов ЖББМ және серіктестік Зуев ЖББМ бірлескен үш ашық сабақ өткізді.
1-сыныптағы «Математика» сабағы - «командада» / «team teaching» жұмыс істеген бастауыш сынып мұғалімдері А.С. Калакова (Свердлов ЖББМ) және О. А. Колбасина (Зуев ЖББМ); 7-сыныптағы «География» сабағы - география мұғалімдері Е.Н. Деркач (Свердлов ЖББМ) және О.В. Дроздова (Зуев ЖББМ) және 3 - сыныптағы «Қазақ тілі» сабағы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Өміржан А.Т. (Свердлов ЖББМ) және Фриц Я.В. (Зуев ЖББМ).
Сондай - ақ, жетекші Свердлов ЖББМ педагогтарының төрт шеберлік сабағы өткізілді: «Графикалық ұйымдастырушылар - ойлауды визуализациялау құралы» - Е.Л. Алексеенко, «Өзін - өзі ұйымдастырушылар - педагогтың өзін - өзі ұйымдастыру құралы» - О.В. Браздецкая, «Инфографика - ақпарат берудің графикалық тәсілі» - И.В. Герасимович және «Мультимодальдық дағдыларды дамыту әдістері» - А.С. Калакова.
Семинардың негізгі әдісі «WORLD CAFÉ - ӘЛЕМДІК КАФЕ» оқытудың белсенді әдісін өткізу болды.