2023 жылдың 13 мамырда ауданның барлық білім беру ұйымдары "Жасыл мекен" республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға оқушылар, ата-аналар мен педагогтер қатысты.
Көшеттерді отырғызу экологиялық мәдениетті, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған. Челленджге барлығы 300-ға жуық оқушы қатысты. 483 ағаш көшеті мен гүл отырғызылды.
Оқушылар мен мұғалімдер мұндай акция жыл сайын қажет екеніне сенімді, солай біз туған жерімізді жасыл және әдемі ете аламыз.