2023 жылғы 29 тамызда Алтынсарин ауданында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы бойынша тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде жалпы білім беретін пәндер мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің аудандық тамыз секциялары ұйымдастырылды.
Барлығы тамыз секцияларына 180 педагог қатысты. Секциялық сабақтар білім беру және тәрбие үдерістерінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтауға бағытталған: технологиялар, әдістер мен тәсілдер, педагогтарға арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу, өткен оқу жылын талдау, сондай-ақ жаңа 2023-2024 оқу жылына міндеттер қойылды