2024 жылдың 01 тамызында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.
Өз қажеттіліктері туралы хабарлау немесе көмек көрсету үшін азаматтар Алтынсарин ауданының білім бөлімінің ұйымдастырылған "жедел желісіне" жүгіне алады 8 (714-45) 22-5-88