Ағымдағы жылдың 28 тамызында Силантьев ЖББМ базасында "Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің теориясы мен практикасы" тақырыбы бойынша әлеуметтік педагогтардың секциялық отырысы өткізілді. Модератор Алтынсарин ауданы білім бөлімінің бас маманы М. А. Ильгова болды.
Секция жұмысына кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы Г.Р. Иманбекова қатысты, ол "Білім беру ұйымдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен өзара іс-қимылы туралы" айтты. Сондай-ақ, секция жұмысына Алтынсарин аудандық прокуратурасының прокуроры Д.М. Амангелдиев "Бақытты қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру туралы" ақпаратпен қатысты.