Ағымдағы жылдың 10-20 қараша аралығында Алтынсарин ауданының аумағында Дүниежүзілік балалар күні мен балалар жылына арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі өткізіледі.
Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
Онкүндік шеңберінде білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында конкурстар, республикалық акциялар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы брифингтер, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы брифингтер өткізу жоспарланған.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады.