2022 жылдың 16 қарашасында «Ауылдық жердегі мектеп жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» атты облыстық вебинар өтті. Алтынсарин ауданының Силантьев жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп мұғалімдері өз баяндамаларында келесі мәселелерге тоқталды:
Ауылдық мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесі (Елумахова Л.В., география пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, Ибраева А.Ж., биология пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі);
Бастауыш мектепте жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру (жұмыс тәжірибесінен) (Шилова Г.В., бастауыш сынып мұғалімі);
Ауылдық мектеп жағдайында дене тәрбиесі саласындағы дарынды балаларды дамыту және қолдау (Абилов А.Т., Сергеев С.С. дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері);
Әлеуметтік жобалау дарынды балалармен жұмыс түрі ретінде (Саринова А.О., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары).
Вебинар жұмысына Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 100 педагогі қатысты.