24.11.2022 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде «Жас сарбаздар» ант қабылдауы болып өтті. «ЖАС САРБАЗ» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына 2022-2023 оқу жылында 19 оқушы ант қабылдады.
«Жас сарбаздар» жетекшісі Сейдазымов Талғат Доскалиевич.
«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбына қабылдаудың негізгі мақсаты: оқушылардың мектептегі негізгі білім алуымен қатар, әскери өнердің алғашқы әліппесін қоса меңгеруге деген қызығушылығы арттыру.
«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбында оқушылар Әскери өнер негіздері, саптық дайындық, әскери топография және туризм, робототехника, әскери қоян-қолтық ұрыс және радиотехника сияқты қосымша білім беру сабақтарын оқып үйренеді. Іс шара барысында, Алтынсарин және Қостанай аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы: подполковник Аймұханов Сабит Асылбекұлы және Алтынсарин және Қостанай аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығының орынбасары: Ренов Малик Әнуарбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара аяқталған соң, АӘжТД пәні мұғалімдері және «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбымен Кеңес Одағының батыры С.Г.Амеличкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
https://altynsarinroo.edu.kz/index.php/kk/8-novosti/81-zh-s-s-rb-z-m-m-nd-ndyrylg-n-synybyny-nt-k-byld-uy#sigFreeIda3201aba32