Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, ана мен баланы қорғау үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Алтынсарин ауданының аумағында аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы өткізіледі.