Бүгін, 2022 жылғы 30 наурызда Силантьев жалпы білім беретін мектебінде Алтынсарин ауданының магниттік (серіктес) мектептері үшін «Балалардың ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы білім беруді іске асыруға жағдай жасау» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті. Семинар-практикум жұмысына ауданның жетекші және магниттік мектептерінің жас әрі тәжірибелі педагогтері қатысты.
Әдістемелік семинар-практикум бағдарламасына теориялық бөлім – баяндамалар: «Оқушылардың оқу сапасын арттыру бойынша жетекші мектептің жұмыс жүйесі» (жетекші мектептің үйлестірушісі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мазур Е.М.), «МОДО бойынша тапсырмалар құрастыру: практикалық кеңестер» (оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Именалинова Д.И.) және семинар-практикумның практикалық бөлімі – коучинг-сессиялар түрінде енгізілді.
Екінші деңгейлі сертификатталған мұғалімдер: бастауыш сынып мұғалімі Қужагельдина О.Е. жас педагогтер үшін «Оқыту үдерісіне технологияларды енгізу» тақырыбында коучинг өткізді, бастауыш сынып мұғалімі Михайловская Л.А. «Сабақ мақсаттарын әрбір оқушының білім нәтижесіне қол жеткізуге бағыттау» тақырыбында коучинг ұйымдастырды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожабергенова Ж.К. «Қазіргі сабақтың құрылымы» тақырыбында коучинг жүргізді. Семинар-практикум барысында серіктес мектептер мұғалімдерінің табысты педагогикалық тәжірибесімен алмасу арқылы олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіруге жағдай жасау мақсаты жүзеге асырылды. Күн қорытындыланып, Алтынсарин ауданы мектептерінде білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Соңғы 5 жылдан астам уақыт бойы Силантьев жалпы білім беретін мектебі Алтынсарин ауданының серіктес мектептерімен тығыз кәсіби байланыс орнатты: жыл сайын мектеп мұғалімдерінің кездесулері өткізіледі, олар – әдістемелік күндер, диалог алаңдары, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, вебинарлар.








