2025 жылғы 28 наурызда онлайн форматта Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жиенбаева Алёна Владимировнаның
бірегей тәжірибесі таратылды. Іс-шара «Педагогикалық инновацияларды синтездеу арқылы көркем еңбек сабақтарына авторлық креативті көзқарас» тақырыбына арналды.
Конференцияға Сарыкөл, Жітіқара, Қарабалық және Қостанай аудандарынан педагогтер қатысты. Қатысушылар көркем еңбек пәнін оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерімен танысып, олардың оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін талқылады.
Трансляция барысында практикалық мысалдар ұсынылып, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе мен идеялар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, бұл білім сапасын арттыруға және жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандыратынын айтты.