Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ
ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области
Новости
Наурыз құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ұстаздар және ата-аналар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің бастауы. Бұл күн – табиғат пен адамның үйлесімін, ізгілік пен мейірімнің мерекесін айшықтайды.
Білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізге зор алғысымды білдіремін. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берілуде.
Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа молшылық, амандық, құт-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Дильдебаев Жангельды Серикбаевич
Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Құрметті ханымдар!
Сіздерді көктемнің шуағымен қатар келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарсыздар. Білім саласында қажырлы еңбек етіп, болашақ ұрпақтың бойына ізгілік пен білім нәрін себудесіздер. Сіздердің мейірімдеріңіз, даналықтарыңыз бен қайсарлықтарыңыз – баршаға үлгі.
Осы шуақты мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, өмірлеріңізге мол қуаныш тілеймін. Көктемнің әр күні жүздеріңізге бақыт пен шаттық сыйласын!
Ізгі ниетпен, Дильдебаев Жангельды Серикбаевич!
110110., с.Малая Чураковка,
Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88