Бүгін 1-сыныпта «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаты өтті. Көктем мен бірліктің бұл мерекесі халықтар достығы мен ынтымақтастық рухына толы болды.
Біздің Отанымыз – ұлан-ғайыр Қазақстан. Республикамыз көпұлтты: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустар, татарлар мен немістер, кәрістер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар және тағы да басқа көптеген ұлт өкілдері тұрады. Барлық ұлттың адамдары 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін бірге атап өтеді.
Әр халықтың өзіне тән бай мәдениеті бар. Ұрпақтан-ұрпаққа аңыздар, аңыз-әпсаналар, салт-дәстүрлер беріледі. Әр түрлі халықтар ертегілерді әрқалай айтып, бесіктегі балаға әртүрлі әндер айтқанымен, бәрін біріктіретіні – бақытта, бейбітшілік пен достықта өмір сүруге деген ортақ тілек.
Бірінші сынып оқушылары бүкіл жер шарында «бейбітшілік», «достық» деген қастерлі сөздердің әр тілде әртүрлі айтылғанымен, мағынасы бір екенін түсінді. Балалар қағаздан тырналар жасап, бір-біріне төбесінде әрдайым бейбіт көк аспан болып, жеріміз гүлдене берсін деген тілек айтты.








