2022 жылғы қараша айында Қазақстан «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) халықаралық зерттеуіне қатысады.
Дәстүрлі PISA зерттеуінен ерекшелігі – PBTS мақсаты білім беру сапасын сырттай бағалауды жекелеген мектеп деңгейінде өткізуінде болып табылады. Зерттеу қорытындылар негізінде мектептердегі оқу мен оқытудың сапасын арттыруға арналған. Зерттеу нәтижесінде білім беру ұйымдары PISA негізгі зерттеуіне қатысқан еліміздің және әлемнің басқа мектептерімен салыстырғанда мектептің 15 жастағы оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі туралы есеп алады.
PBTS зерттеуі 15 жастағы оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалауға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Бұл проблемалық мәселелерді шешу үшін неғұрлым мақсатты шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушы мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік материалдар мен қатысушы елдер мектептерінің тәжірибесі жарияланатын жобаға қатысушылардың жаһандық платформасына қол жеткізе алады.
Биылғы жылы зерттеу көлемі 1000 білім беру ұйымын құрайды. Іріктеме мектептердің әртүрлі түрлерін қамтиды: орналасқан жері (қалалық/ауылдық), оқыту тілі (қазақ, орыс, аралас мектептер), мектеп түрі (шағын жинақталған мектептер, толық мектептер) және меншік нысаны (жеке, мемлекеттік). Іріктемеден пилоттық зерттеуге қатысқан білім беру мекемелері, сондай-ақ 4-тен аз оқушысы бар ШЖҚ алынып тасталды.
Зерттеу екі бөлімнен тұрады – тестілеу және сұрақ қою. Тестілеуге шамамен 2 сағат, сауалнамаға 45-50 минут кетеді. Сауалнама бірнеше блоктардан тұрады: әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды анықтау, жаһандық құзыреттіліктер және пандемияға қатысты сұрақтар.