Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2026 жылғы 6 мамырда Алтынсарин ауданының КГУ «Димитровская общеобразовательная школа» базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары үшін аудандық семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Ерлік форпосты: патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдері».

Іс-шараның мақсаты — педагогтердің патриоттық тәрбие беру саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, білім алушылардың азаматтық жауапкершілігі мен ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

Семинар қатысушыларына мектеп басшысы А.О. Саринова құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараның жарқын бастамасы ретінде «Тарихқа айналған ерлік» — «Память, ставшая историей» атты концерттік бағдарлама ұсынылды.

Семинар аясында бірнеше алаң жұмыс істеді:

«Ұлы Отан соғысы шайқастарына қазақстандықтардың қатысуы» тақырыбындағы кіріктірілген сабақ
(мұғалімдер: О.Д. Лукас және М.С. Шабашова);

3–4 сынып оқушыларына арналған «Адал Азамат» бағдарламасы аясындағы «Ар-намыс кодексі» атты сынып сағаты
(В.В. Вороненко, С.П. Солдаткина);

«Уақыттан да күшті жады» атты музей бөлмесіне экскурсия;

«Ерлік форпосты» интерактивті әскери-патриоттық квест ойыны.

Семинар «сарбаз ботқасымен», қорытынды шығарумен және рефлексиямен аяқталды.
Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған тәжірибелердің өзектілігін және ауданның білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

1101010., Малая Чураковка а.,

Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2026 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2026 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области