Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біздің мектепте балалық шақтың басты мерекесі – Балаларды қорғау күні қуанышты, думанды, шат-шадыман көңіл-күйде өтті. Барлық педагогтар бұл мереке балалардың есінде ұзақ сақталып қалуы үшін бар күш-жігерін салды. Осы күні біз мерекелік атмосфера жасап, балаларды көңілді ойындармен, әндермен, билермен қуанттық.

Мектеп кіреберісінде түрлі-түсті шарлардан жасалған көркем арка орнатылып, көңілді әуендер шырқалып, балалардың көтеріңкі көңіл-күйін одан әрі арттырды.

Іс-шарамыз мектеп директоры Ирина Николаевна Цебердің мерекелік құттықтауынан басталды. Одан кейін бірнеше жалпы ойын өткізілгеннен соң, балалар сыныптары бойынша бөлініп, әртүрлі бекеттер бойынша саяхатқа аттанды. Ол жерде балалар түрлі ойындар ойнап, сурет салып, шығармашылықпен айналысты.

Бекеттер бойынша байқаулар өткізу барысында балаларға тәтті мақта таратылды.

Бүгін 1-сыныпта «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаты өтті. Көктем мен бірліктің бұл мерекесі халықтар достығы мен ынтымақтастық рухына толы болды.

Біздің Отанымыз – ұлан-ғайыр Қазақстан. Республикамыз көпұлтты: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустар, татарлар мен немістер, кәрістер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар және тағы да басқа көптеген ұлт өкілдері тұрады. Барлық ұлттың адамдары 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін бірге атап өтеді.

Әр халықтың өзіне тән бай мәдениеті бар. Ұрпақтан-ұрпаққа аңыздар, аңыз-әпсаналар, салт-дәстүрлер беріледі. Әр түрлі халықтар ертегілерді әрқалай айтып, бесіктегі балаға әртүрлі әндер айтқанымен, бәрін біріктіретіні – бақытта, бейбітшілік пен достықта өмір сүруге деген ортақ тілек.

Бірінші сынып оқушылары бүкіл жер шарында «бейбітшілік», «достық» деген қастерлі сөздердің әр тілде әртүрлі айтылғанымен, мағынасы бір екенін түсінді. Балалар қағаздан тырналар жасап, бір-біріне төбесінде әрдайым бейбіт көк аспан болып, жеріміз гүлдене берсін деген тілек айтты.

Біздің ауылымыз ертеден-ақ әсем табиғатымен және ну ормандарымен танымал. Бүгінгі таңда бүкіл әлем үшін ең өзекті мәселелердің бірі – экология және ормандарды сақтау. Біздің мектептің оқушылары орман алқаптарын көбейту ісіне белсенді атсалысуда.

Осылайша, 2022 жылғы 12–14 сәуір аралығында орта және жоғары сынып оқушылары, әсіресе «Беркут» мектеп орманшылығының мүшелері, Красный Кордон ауылында жыл сайын өткізіліп тұратын қылқанжапырақты ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл игі іске ауылдың барлық тұрғындары, соның ішінде оқушылар да белсенді қатысты. Оқушылар жас ағаш көшеттерін отырғызу үшін шұңқыр қазып, оларды отырғызуға көмектесті. Келешекте бұл көшеттер ауыл аумағына отырғызылып немесе орман алқабын ұлғайту үшін басқа аудандарға жөнелтілетін болады.

Міне, осындай шағын ғана жұмыс біздің ауылымыздың, ауданымыздың, мемлекетіміздің, тіпті бүкіл әлемнің аса маңызды бір бөлігін сақтауға көмектеседі.

Табиғатты қорғау – Отанды қорғау.
(М. М. Пришвин)

Бүгін, 2022 жылғы 30 наурызда Силантьев жалпы білім беретін мектебінде Алтынсарин ауданының магниттік (серіктес) мектептері үшін «Балалардың ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы білім беруді іске асыруға жағдай жасау» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті. Семинар-практикум жұмысына ауданның жетекші және магниттік мектептерінің жас әрі тәжірибелі педагогтері қатысты.

Әдістемелік семинар-практикум бағдарламасына теориялық бөлім – баяндамалар: «Оқушылардың оқу сапасын арттыру бойынша жетекші мектептің жұмыс жүйесі» (жетекші мектептің үйлестірушісі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мазур Е.М.), «МОДО бойынша тапсырмалар құрастыру: практикалық кеңестер» (оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Именалинова Д.И.) және семинар-практикумның практикалық бөлімі – коучинг-сессиялар түрінде енгізілді.

Екінші деңгейлі сертификатталған мұғалімдер: бастауыш сынып мұғалімі Қужагельдина О.Е. жас педагогтер үшін «Оқыту үдерісіне технологияларды енгізу» тақырыбында коучинг өткізді, бастауыш сынып мұғалімі Михайловская Л.А. «Сабақ мақсаттарын әрбір оқушының білім нәтижесіне қол жеткізуге бағыттау» тақырыбында коучинг ұйымдастырды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожабергенова Ж.К. «Қазіргі сабақтың құрылымы» тақырыбында коучинг жүргізді. Семинар-практикум барысында серіктес мектептер мұғалімдерінің табысты педагогикалық тәжірибесімен алмасу арқылы олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіруге жағдай жасау мақсаты жүзеге асырылды. Күн қорытындыланып, Алтынсарин ауданы мектептерінде білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Соңғы 5 жылдан астам уақыт бойы Силантьев жалпы білім беретін мектебі Алтынсарин ауданының серіктес мектептерімен тығыз кәсіби байланыс орнатты: жыл сайын мектеп мұғалімдерінің кездесулері өткізіледі, олар – әдістемелік күндер, диалог алаңдары, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, вебинарлар.

1101010., Малая Чураковка а.,

Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88

kense@altynsarinroo.edu.kz

Сайттың ескі нұсқасы

© 2025 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ” ММ. Барлық құқықтары қорғалған.
© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области