Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ
ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области
Новости
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманының орындалуы, азаттықтың алтын тұғыры. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін ерекше мақтаныш пен қуанышқа толы күн. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы сіз бен біздің қажырлы еңбегіміз бен бірлігіміздің жемісі.
Білім саласы – тәуелсіздігіміздің айнасы, мемлекетіміздің іргетасы. Білім мен тәрбиенің ұштастығы арқылы жас ұрпаққа ата-бабамыздың асыл мұрасын жеткізіп, еліміздің жаңа көшбасшыларын тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз орасан зор.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Тәуелсіздіктің туы мәңгі биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен, Дильдебаев Жангельды Серикбаевич!
110110., с.Малая Чураковка,
Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88