Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Алтынсарин ауданының білім бөлімі” ММ
ГУ «Отдел образования Алтынсаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области
Новости
Қарағайлыда аудандық семинар: функционалдық сауаттылық сабақта
2025 жылғы 29 қыркүйекте Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі базасында тарих, орыс тілі мен әдебиеті, биология және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Қарағайлы ЖББМ педагогтері Қазақстан тарихы пәнінен 9-сыныпта, орыс әдебиеті пәнінен 8-сыныпта, орыс тілі пәнінен 7-сыныпта және жаратылыстану пәнінен 4-сыныпта сабақтар көрсетті.
Қарағайлы шағын жинақты мектебінің сабақтарының ерекшелігі - барлық оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы. Балалар кейбір электрондық платформаларды пайдалану дағдыларына ие, бұл әрқайсысының тапсырмаларды орындауға тартылуына мүмкіндік береді. Жеке көзқарас пен жоғары деңгейдегі қатысушылық оқушылардың дербестігін, сыни ойлауын және нәтижеге жауапкершілігін дамытуға жағдай жасайды.


«Зерденің» аудандық кезеңі: алтынсариндіктер облыс деңгейіне шықты
2025 жылғы 7 қазанда Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ базасында 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Барлығы 22 ғылыми жоба ұсынылып, 26 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ, О. Шипин атындағы ЖББМ және Красноқордон ЖББМ жобалары жолданды.


Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұрпақ тәрбиесі жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз бен табандылықтарыңызға алғыс білдіреміз.
Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен жүрек жылуларыңыз — болашақтың берік іргетасы.
Шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілеймін!

1101010., Малая Чураковка а.,
Больничная, 1А Телефон: 8(71445) 22 5 88








